Алтын Орда этносаяси тарихының жаңа деректерін аудару және зерттеу
Зерттеу объектісі: Шығыс тілдеріндегі (араб, парсы, түркі) Алтын Орда тарихының деректері, Жошы Ұлысының этносаяси тарихы және Жошы Ұлысының көшпелі халқының мұрагері болып табылатын халықтардың Y-хромосома полиморфизмі. Жұмыстың мақсаты: Жошы Ұлысы тарихына қатысты, араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған бастапқы деректерді ғылыми айналымға енгізу, Жошы Ұлысы тарихының энциклопедиясын жазу, қазақтар арасындағы Y-хромосома полиморфизмін зерттеу. Жұмысты жүргізу әдістері: тарихи деректерге сын талдау, деректерге ішкі және сыртқы сын, тарихи синтез, Y-хромосома полиморфизмін талдау. Жұмыс нәтижелері мен олардың жаңалығы: Алтын Орда тарихы бойынша арабша, парсыша, түркіше жаңа бастапқы деректер ғылыми айналымға енгізілетін болады. Жошы Ұлысы тарихының энциклопедиясы жазылатын болады. Y-хромосоманың толық секвенстері бойынша қазақ рулары мен тайпаларының сипаттамасы жүргізілетін болады. Жұмыстың маңыздылығы: қазақтардың көптеген ру-тайпалық топтары бірінші рет Y-хромосоманың толық секвенсі арқылы зерттелді, бұл генетика деректері бойынша олардың шежіресін қалпына келтіруге және белгілі бір рудың қазақ шежіресінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік берді.
