«Солтүстік Қазақстан тарихы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (2023)

Авторы ISCA
Международная научно-практическая конференция «История Северного Казахстана» (2023)

2023 жылдың 2 желтоқсанында «Астана» Халықаралық ғылыми кешені ИРН BR21882225 «Солтүстік Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде «Солтүстік Қазақстан тарихы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді, оның мақсаты…

2023 жылдың 2 желтоқсанында «Астана» Халықаралық ғылыми кешені ИРН BR21882225 «Солтүстік Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде «Солтүстік Қазақстан тарихы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді, оның мақсаты — аймақтың тарихи жолын кешенді талқылау, сондай-ақ солтүстікқазақстандық бірегейліктің қалыптасуында маңызды рөл атқарған негізгі оқиғаларды, үдерістер мен тұлғаларды зерттеуге ғылыми тәсілдер әзірлеу.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға тарих және археология саласындағы шетелдік зерттеушілер, отандық тарихшылар, археологтар, этнологтар, мәдениеттанушылар, сондай-ақ ғылыми қызығушылықтары аймақпен байланысты жас ғалымдар шақырылды.

Конференция онлайн қатысу мүмкіндігімен күндізгі-қашықтықтан форматта өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы (ISBN берілген) электрондық түрде жарық көрді.

Бөлісу: